14 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №1134

275 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
2015 жылғы 30 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 67-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларында және олардың мөлшерлерінде: мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын: «16-1. «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының білім алушыларына стипендия тағайындау және төлеу тәртібі «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.»; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшері: 1) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге - 20949 (жиырма мың тоғыз жүз қырық тоғыз) теңге; 2) интерндерге - 37945 (отыз жеті мың тоғыз жүз қырық бес) теңге; 3) магистранттарға - 53530 (елу үш мың бес жүз отыз) теңге; 4) «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттарға - 100 000 (бір жүз мың) теңге; 5) докторанттарға - 81998 (сексен бір мың тоғыз жүз тоқсан сегіз) теңге; 6) резидентура тыңдаушыларына және денсаулық сақтау магистранттарына - 61561 (алпыс бір мың бес жүз алпыс бір) теңге мөлшерінде белгіленеді.»; 18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын; «18. Техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары студенттерінің мемлекеттік стипендиясы жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары студенттерінің ай сайынғы мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 80 (сексен) пайызы деңгейінде белгіленеді. 19. Жоғары оқу орындары дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендияның мөлшері жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің ай сайынғы мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 85 (сексен бес) пайызы деңгейінде белгіленеді.»; көрсетілген Қағидаларға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсан №1134 қаулысына қосымша Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларына қосымша Мемлекеттік стипендияларды ұлғайту мөлшері Р/с № Стипендиаттар тізбесі Белгіленген мемлекеттік стипендия көлемінен пайызға шаққандағы ұлғайту мөлшері, % 1 2 3 1 Техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарла­маларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын көзі нашар көретін және құлағы кеміс мүгедектерге; 75 2 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс мүгедектеріне теңестірілген техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, магистранттарға және интерндерге; 50 3 Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азамат­­­тардың қамқорлығындағы (қорғаншылығындағы) балалар қатарындағы техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарлама­­ларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, магистранттарға және интерндерге; 30 4 Техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарла­мала­рын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын, емтихан сессиясы­ның нәтижелері бойынша тек «өте жақсы» деген бағалары бар студент­терге, магистранттарға (мемлекеттік атаулы стипендия мен Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын алатын студенттерден басқа). 15